
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ!
Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеуге жариялады:
Хикматов Махмуд Умидович, 19.02.2000 ж.т., Өзбекстан Республикасының азаматы, «Маха.dxb» лақап атымен танымал блогер.
Соттың санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінген.
Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казиноның заңсыз интерфейсін ұсыну, ақшалай қаражатты қабылдау және төлеу (эквайринг, мобильді коммерция, криптовалюта), сондай-ақ ел азаматтарының барынша көп санын ойынға тартуға бағытталған жарнаманы тарату бойынша тұрақты схема жұмыс істеген.
Интернет-казиноларды насихаттау үшін ұйымдастырушылар Қазақстан аумағында қызмет ететін инфлюенсерлерді тартып, жарнамалық контент орналастыруды ұйымдастыру міндетін Махмуд Хикматовқа жүктеген.
Осы мақсатта М. Хикматов блогерлерден әлеуметтік желілеріндегі аудиториясы туралы статистикалық мәліметтерді, оның ішінде жазылушылардың демографиялық және географиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ қамту көрсеткіштерін сұратқан. Осы мәліметтер негізінде жарнама құны белгіленген.
Барлығы 35-тен астам блогер тартылған, олардың арасында блогер Қ. Қамза да болған.
Аудиториясының кең болуын пайдаланып, Қ.Қамза Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға қатысуға қасақана тартқан. Ол интернет-казиноларға сілтемелер жариялап, әрбір пайдаланушының сілтеме арқылы өтуі үшін сыйақы алып отырған.
Еске салайық, Қамза Қ. биыл 6 тамызда Вьетнам Социалистік Республикасынан Қазақстанға экстрадицияланды.
Егер іздеудегі адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 7172 70 84 78 – кезекші бөлім
Call-орталық: 1458
Сыйақы беріледі. Анонимдікке кепілдік беріледі.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі