
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру органдарына алғаш рет қызметке қабылданатын азаматтарды бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 шілде – 15 тамыз.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
✔️ Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
✔️ жасы 18-ден 35 жасқа дейін болуы;
✔️ жоғары білімі болуы.
Құжаттар «Open Academy» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
Іріктеуге қатысу үшін:
➡️ talapker.prokuror.gov.kz сайтында ЖСН арқылы тіркелу;
➡️ жеке кабинетті толтырып, қажетті құжаттарды жүктеу қажет.
Іріктеуден өту тәртібі мен қажетті құжаттардың толық тізімі talapker.prokuror.gov.kz сайтындағы «Open Academy» ақпараттық жүйесінде орналастырылған.