Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элиманов Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турловпен кездесті.

Кездесу барысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ алаяқтық, дропперлік схемалар, қаржы пирамидалары және есірткінің заңсыз айналымына байланысты операцияларды анықтауда жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат қаржылық мониторингтің цифрлық құралдарын жетілдіру, талдау жұмыстары мен тәуекелге бағдарланған тәсілдерді дамыту, заманауи RegTech шешімдерін енгізу, сондай-ақ осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру және сараптамалық бастамаларды бірлесіп іске асыруды көздейді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі