ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласындағы құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде.
2021 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен «Айдана-ИК» ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 млрд теңгеден асатын сомаға келісімшарт жасалған.
Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттарды ұсынған.
Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-не 211 млн теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған.
Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген.
Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған.
Күдікті қамауға алынды.
Тергеп-тексеру жалғасуда.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі