Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржылық мониторинг агенттігі мен Федералдық қаржылық мониторинг қызметі арасында тиісті келісімге қол қойылды.
Құжат екі елдің қаржылық барлау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамытуға бағытталған.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру ақпарат алмасудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қаржылық қылмыстарды анықтау және жолын кесу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.