Алты өңір мен жүздеген салымшы: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасының схемасы әшкереленді

Алты өңір мен жүздеген салымшы: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасының схемасы әшкереленді

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде.

Тергеу амалдарына сай, жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджері арқылы «Еnvida ai ежедневный пассивный доход» және «Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход» атауымен топтар құрып, азаматтарды тұрақты жоғары табысқа уәде беру арқылы тартқан.

Жобаның маркетингтік моделі көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасып отырған.

Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған.

Қатысушылар географиясы еліміздің алты өңірін қамтиды: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Егер сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз.

ҚМА қаржы пирамидасының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін Telegram-ботты іске қосты. Сонымен қатар осындай заңбұзушылықтарға қатысы анықталған барлық жалған жобалардың тізімі Агенттіктің ресми сайтында жарияланған.

 

ҚМА Баспасөз қызметі