
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі студенттер арасында Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданы бесінші жыл қатарынан өткізіп келеді.
Осы уақыт ішінде олимпиада еліміздің барлық өңірлерінен дарынды жастарды біріктіретін тұрақты әрі беделді білім беру алаңына айналды.
Олимпиаданың басты мақсаты – студенттердің қаржылық қауіпсіздік, көлеңкелі экономика мен қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибелік білімін арттыру, сондай-ақ олардың аналитикалық ойлау қабілеті мен кәсіби жауапкершілігін дамыту.
Биыл «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында өткен ұлттық олимпиадаға 2–3 курс студенттері мен 1 курс магистранттарын қоса алғанда 5 887 адам қатысты.
2026 жылғы 27 сәуірде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 40 үздік студенті қатысқан олимпиаданың финалы өтті.
Нәтижесінде Қазақстанды Ресей Федерациясында өтетін Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадада таныстыратын 10 жеңімпаз анықталды.
Бағыттар бойынша жеңімпаздар:
Ақпараттық қауіпсіздік:
Бахтияров Ертас – Astana IT University;
Лопастинский Александр – Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
Дүзімбайұлы Мадияр – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті.
Экономика:
Сушкевич Даниил – Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті;
Золотарев Игорь – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті;
Қален Мерей – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Құқықтану:
Илиясова Тоғжан – Maqsut Narikbayev University;
Аманқосова Айшолпан – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Халықаралық қатынастар:
Жұмағалиев Ислам – Astana IT University;
Үскембаев Дамир – Нархоз университеті.
Олимпиада Maqsut Narikbayev University, Halyk Bank және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен өтті.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі