6–7 сынып оқушылары арасында өткен «QARZHYSKILL» қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы қалалық чемпионаттың финалдық қорытындылары

6–7 сынып оқушылары арасында өткен «QARZHYSKILL» қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы қалалық чемпионаттың финалдық қорытындылары

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астананың 6–7 сынып оқушылары арасында өткен «QARZHYSKILL» қаржылық қауіпсіздік бойынша алғашқы қалалық чемпионаттың финалы өтті.

Еске салсақ, 2025 жылғы қараша айында Қаржылық мониторинг агенттігі мектеп оқушыларының қаржылық және цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алғашқы ауқымды білім беру бастамасын іске қосты.

Чемпионаттың финалдық кезеңінде әр ауданынан бір-бірден іріктелген 6 үздік команда сахнада бақ сынасты.

Финал нәтижелері бойынша чемпионат жеңімпаздары анықталды:

1 орын — Байқоңыр ауданы, № 8 мектеп-лицейі;

2 орын — Сарайшық ауданы, № 112 жайлы орта мектебі;

3 орын — Есіл ауданы, № 108 жайлы мектеп.

«QARZHYSKILL» чемпионаты қаржылық сауатты әрі жауапты ұрпақ қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Жобаны жыл сайын өткізу жоспарланып отыр, оны өскелең ұрпақтың қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған тұрақты білім беру дәстүріне айналдыру көзделуде.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі