Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
(бұдан әрі – Агенттік), жанындағы кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды
(бұдан әрі – бiрлестiктер мен ұйымдар) аккредиттеу жүргізуді жариялайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, акредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес
(бұдан әрі – Қағидалар), Агенттікке аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.
Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi Агенттікке және де электрондық поштаға: z.birnazarova@afm.gov.kz жолдаумен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтiнiш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Аккредиттелген бірлестіктер мен Агенттік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргiзу құқығына ие болады.
Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.