Жетісу облысында Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде 212 млн теңге жымқыру дерегі тергелуде

Жетісу облысында Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде  212 млн теңге жымқыру дерегі тергелуде

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында күрделі жөндеуден өткізуге 753 млн теңге сомасына шарт жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес мердігер жұмысты 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтауы тиіс болған, алайда нысан осы уақытқа дейін пайдалануға берілмеген.

Тергеу барысында бұрын қабылданып, төлем жүргізілген бірқатар жұмыстардың нақты орындалмағаны анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 212 млн теңгеден асты.

Қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеулер қойылды.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҚМА баспасөз қызметі