Астанада мектеп оқушылары арасында «QARZHYSKILL» қаржылық қауіпсіздік чемпионаты басталды

Астанада мектеп оқушылары арасында «QARZHYSKILL» қаржылық қауіпсіздік чемпионаты басталды

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету және «Адал Азамат» жобасын іске асыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, Астана қаласының 6–7 сынып оқушылары арасында «QARZHYSKILL» қаржылық қауіпсіздік чемпионатын бастады.

Білім беру сайысына елордадағы 6 ауданның шамамен 100-ге жуық мектебі қатысуда.

Бағдарлама үш кезеңнен тұрады: мектептік, аудандық және финалдық. Бұл кезеңдер балалардың қаржылық қауіпсіздік дағдыларын біртіндеп дамытуға және кең ауқымды қатысуға мүмкіндік береді.

«QARZHYSKILL» бастамасының негізгі мақсаты — қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтарды, әсіресе ең осал топтардың бірі болып саналатын кәмелетке толмағандарды, алаяқтықтан қорғау. Жоба өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің негізін қалыптастырады.

Астанадағы пилоттық кезең аяқталғаннан кейін, 2026 жылдан бастап жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде кеңінен жүзеге асырылмақ.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі