БҚО-да колледж директоры жалған стипендиялар рәсімдеген

БҚО-да колледж директоры  жалған стипендиялар рәсімдеген

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

 «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын) директоры оқу процесіне қатыспаған 54 тұлғаны жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген.

Соған қарамастан, аталған тұлғалар белсенді студенттер ретінде көрсетіліп, олар бойынша жалған бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген (жекелеген жағдайларда — көтеріңкі мөлшерде).

Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған.

Нәтижесінде колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.

Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай жария етілмейді.

 

ҚМА баспасөз қызметі