«Nazira Gold» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың ақшасын қымбат көлік пен мүлікке жұмсаған

«Nazira Gold» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың ақшасын қымбат көлік пен мүлікке жұмсаған

Шымкент қаласында «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша сот үкімі шықты.

Тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізді.

Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған ұйымдастырушылар салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40 пайызы көлемінде табыс уәде еткен.

Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам азамат тартылған.

Ұйымдастырушылар салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған.

Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі