Ақтөбеде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар мен қылмыстық кірістерін жасырғандарға үкім шықты

Ақтөбеде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар мен қылмыстық кірістерін жасырғандарға үкім шықты

Ақтөбе қаласында мобильдік «bingo37.pro» қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қарсы сот үкімі шығарылды.

Қатысушылардан түсетін ақша аударымдарын операторлар қабылдап, оларды платформада тіркеп, әрбіріне «логин», «пароль» және ойындарға кіруге сілтеме берілген.

Заңсыз онлайн‑казиноның күн сайын 150 000‑нан 200 000‑ға дейін түсіп отырған.

Қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында алаяқтар «дропперлерді» тартқан, яғни банктік карталары арқылы ақшаны қолма‑қол айналымға өткізген.

Айта кетсек, ұйымдастырушыларының бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс бойынша қолға түсіп, жазаланған болатын, бірақ соған қарамастан заңсыз қызметін тоқтатпаған.

Сот үкімімен тоғыз кінәлі адамға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, қылмыстық кірістерге алынған үш автокөлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі