ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.
Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.
Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған.
Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған.
Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі