Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, соның ішінде цифрлық валютаны пайдалану арқылы жүзеге асырылатын әрекеттерге қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде.
Блокчейн арқылы криптотранзакцияларды бақылау барысында интернет-алаяқтық пен есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстатуға кәсіби қызмет көрсеткен «RAKS exchange» атты криптообмен сервисі анықталды.
Аталған сервис қылмыстық ортада жоғары беделге ие болған және 5 млн астам қолданушысы бар 20 ірі «Darknet» нарығымен жұмыс істеген.
Соңғы үш жыл ішінде бұл криптосервис арқылы ТМД елдеріндегі — Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова — 200-ден астам есірткі дүкенінің заңсыз кірістері ақталған.
Криптообмен платформасының жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан.
Тергеу барысында 4 000-нан астам криптовалюта әмияндары зерттеліп, қылмыстық кірістер сақталған әмияндар анықталды.
Нәтижесінде сервиске тиесілі 67 криптоәмиян бұғатталды. Жалпы сомасы 9,7 млн USDT (5,2 миллиард теңге) болатын цифрлық активтер уақытша тоқтатылды.
Бүгінгі күні сервис толықтай өз қызметін тоқтатты:
Криптосервис ұйымдастырушыларын әшкерелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қабылданған шаралар есірткі бизнесінің көлеңкелі инфрақұрылымына елеулі экономикалық соққы беріп, жеткізу тізбектерінің логистикасын бұзып, есірткі нарықтарының айналымын азайтып, тұтынушылардың заңсыз платформаларға деген сенімін төмендетті.
Цифрлық құралдарды пайдалану арқылы қылмыстық кірістерді жылыстату схемаларын тоқтату жұмыстары жалғасуда.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі