Жүк көліктерін заңсыз тіркеу: мемлекетке келтірілген залал 740 млн теңгеден асты

Жүк көліктерін заңсыз тіркеу: мемлекетке келтірілген залал 740 млн теңгеден асты

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен прожалған құжаттарды пайдалана отырып, жүк автокөліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Ұйымдасқан топтың қатысушылары жалған сатып алу-сату шарттарын, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілерді қолданып, «Автоіздеу» ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізу арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген.

Аталған заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында салық заңнамасында белгіленген рәсімдерді әдейі айналып өту үшін жүргізілген.

Бастапқы тіркеу алымдарын төлемеу салдарынан мемлекетке келген жалпы залал 740 миллион теңгеден асты.

Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі