
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Шекара қызметімен бірлесіп вейптерді заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты
«Жайсан-автомобиль» шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.
Тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталды: 13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп); 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық; 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.
Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.