Заң мен тәртіпке қызмет ету – жас лейтенанттардың мансап жолының бастауы

Заң мен тәртіпке қызмет ету – жас лейтенанттардың мансап жолының бастауы

Заң мен тәртіпке қызмет ету – жас лейтенанттардың мансап жолының бастауы Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында бастапқы кәсіптік даярлық курсын аяқтаған 40 тыңдаушының бітіруіне арналған салтанатты іс-шара өтті Қызметке дайындық барысында жас мамандар экономикалық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді зерделеп, қаржылық құқықбұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша практикалық дағдыларды меңгерді. Агенттік Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов үздік бітірушілерге Экономикалық тергеу қызметінің лейтенант шенін және жобалық жұмыстарға қатысқаны үшін дипломдарын табыстады.

 Өз сөзінде ол ЭТҚ-дегі қызмет – бұл жай ғана мамандық емес, терең білімді, ұстаным мен адалдықты талап ететін жоғары мемлекеттік миссия екенін атап өтті. Әрбір түлек Заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға өз үлесін қосады. Академия ректоры Марат Сексембаев түлектердің қазіргі экономикалық ахуал жағдайында нақты қызметке дайын екенін және елдің қаржылық тұрақтылығы мен заңдылығын қамтамасыз ету міндетін атқаратынын айтты.

Алдағы уақытта жас қызметкерлер өңірлік бөлімшелерде қызметке кіріседі. Соңғы үш жылда Академия қаржы мониторингі органдарында табысты еңбек етіп жүрген 276 маманды дайындады. ҚМА елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту ісіне өз үлесін қосуға дайын, белсенді және креативті жастарды Академияның келесі оқу бағдарламасына қатысуға шақырады

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі