Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шықты.
ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру барысында Корниенко Н.Н. ешқандай өкілеттігі болмаса да, өзін «СК 2032» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы ретінде көрсетіп, «МИЗАМ» көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қатысты 9 келісімшарт жасағаны анықталды.
Осылайша ол азаматтардың 70 млн теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 200 млн теңге болатын 8 мың шаршы метр жер теліміне тыйым салынды.
Сот үкімімен Корниенко Н.Н. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мүлікке салынған тыйым жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін пайдаланылатын болды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі