Бүгін Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында Қаржылық мониторингі агенттігінің төрағасы Ж. Элиманов бастаған делегация ТМД-ға мүше мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің (ҚББК) 30-отырысына қатысты.
Кеңес мүшелері аймақтағы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚ) саласындағы жедел жағдайды талқылап, 2024 жылғы ұйым қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі Халықаралық орталықтың іске қосылу барысын қарастырды.
ҚББК отырысына сондай-ақ ТМД Терроризмге қарсы орталығы (ТҚО), ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа және басқа да қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросы (ҮҚҮБ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), сондай-ақ Салық (қаржы) тергеу органдарының үйлестіру орталығы (СҚТҮО) сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
СҚТҮО Хатшысы Е. Бимақанов салық (қаржы) тергеу органдары жүзеге асыратын іс-шараларға қаржы барлау органдарының қатысуы туралы таныстырылым жасады.
Анықтама үшін: ағымдағы жылы СҚТҮО-ға Қазақстан Республикасы Агенттік атынан төрағалық етуде.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушы елдер қаржылық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.