АФМ
Меню
Страницы

"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг

агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына

өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Өзгерістер Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына  7-қосымшаға орыс тіліндегі нұсқасына енгізіледі, қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын.

  1. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26925 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Өзгерістер Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 2, 8, 10 және 11-қосымшаларға орыс тіліндегі нұсқасына енгізіледі, қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын.

  1. «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Өзгерістер Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларына қосымшаның орыс тіліндегі нұсқасына енгізіледі, қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері