Құқыққа қайшы контентті, соның ішінде Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке анықтау оны бұғаттау шараларын қабылдай отырып ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы ЖОБА

Құқыққа қайшы контентті, соның ішінде Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке анықтау оны бұғаттау шараларын қабылдай отырып ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

           «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген Құқыққа қайшы контентті соның ішінде Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке анықтау оны бұғаттау шараларын қабылдай отырып ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазым                                                                                       Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұйрыққа қосымша

 

 

Құқыққа қайшы контентті, соның ішінде Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке анықтау оны бұғаттау шараларын қабылдай отырып ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Құқыққа қайшы контентті анықтау, соның ішінде Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке, оны бұғаттау шараларын қабылдау отырып, мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңының 16-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның құзыреті шегінде құқыққа қайшы контентті анықтау және оған қолжетімділікті шектеу (бұғаттау) шараларын қабылдау мақсатында ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

1) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның қарауына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган – масс-медиа саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған ретке келтірілген жиынтығы.

 

 

2-тарау. Мониторингті жүзеге асыру тәртібі

 

  1. Ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
  2. Мониторинг:
    • интернет-ресурстарды;
    • әлеуметтік желілерді;
    • мессенджерлерді
    • бұқаралық ақпарат құралдарын;
    • өзге де ақпараттық-коммуникациялық платформаларды қоса алғанда, ашық көздерде орналастырылған ақпаратты талдау жолымен жүзеге асырылады.
  3. Мониторинг «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

 

 

3-тарау. Құқыққа қайшы контентке қолжетімділікті

шектеу шараларын қабылдау

 

  1. Құқыққа қайшы контентті орналастыру фактісі анықталған жағдайда қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

          1) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды;

          2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде материалдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органдарға жолдайды;

          3) телекоммуникация желілерінде заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған не өзгеше шектелген материалдар анықталған жағдайда оларды әрі қарай бұғаттау бойынша шараларды қабылдау үшін ақпараттық жүйе арқылы масс-медиа саласындағы уәкілетті органға хабарлама жібереді.

                Хабарлама жіберу кезінде қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық жүйеде талап етілетін деректердің толық көлемде толтырылуын қамтамасыз етеді: ақпараттық жүйеге енгізілетін мәліметтердің заңдылығы мен негізділігі, олардың құқыққа қайшылығын растайтын скриншоттар.



 

 

 

 

Дата публикации
04 марта 2026