Терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату тәуекелдерін ұлттық бағалау

Қазақстан Республикасының тәуекелдерін ұлттық бағалау туралы

ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

I тарау. Кіріспе......................................…………….…………...…….……2

II тарау. Терроризмді қаржыландыру қатерлері мен тәуекелдері............7

III тарау. КЕҰ үшін ТҚ осалдықтары мен тәуекелдерін айқындау..........8

IV тарау. Қаржы секторы үшін ТҚ осалдықтары мен тәуекелдері.…......9

  1. Қолма-қол ақша қаражаты мен төлем карточкаларын пайдаланудан

   ТҚ осалдығы ……………………………………………….....................10

  1. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуда делдалдық қызметтерді

    жүзеге асыру кезіндегі ТҚ осалдығы.........................…………………11

  1. Цифрлық активтерді пайдаланудан туындайтын осалдықтар…........12

V тарау. ЖҚҚТҚ қатерлері, осалдықтары мен тәуекелдері ...................13

VI тарау. ТҚ, ЖҚҚТҚ тәуекелдері бойынша қорытынды …………..…14

 

    I тарау. КІРІСПЕ

 

Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесі (бұдан әрі – ТҚҚ ҰЖ) ұлттық қауіпсіздікті және қаржы секторының тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Барлық әлемдік қоғамдастық бетпе-бет келіп отырған террористік қатерге байланысты мемлекетте терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі – ТҚ) жағдайларының болуы мен туындауына себепші болатын факторларды терең түсіну қажеттілігі бірінші орынға шығады.

Терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу (бұдан әрі – ТҚ ТҰБ) бірінші кезекте назар аудару қажет болатын құқыққа қарсы қаржылық қызметтің бағыттарын айқындау, сондай-ақ ТҚҚ ҰЖ неғұрлым осал жерлерін айқындау мақсатында ФАТФ стандарттарының талаптарына негізделген.

ТҚ ТҰБ ТҚҚ ҰЖ қатысушыларын оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарды, Ұлттық банкті тарта отырып, Қазақстан Республикасындағы ТҚ-ға қарсы іс-қимыл саласындағы қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік берді.

ТҚ ТҰБ нәтижелері ТҚ-ның белгілі бір тәуекелдерін барынша азайтудың нақты шараларын таңдау кезінде және ТҚҚ ҰЖ барлық деңгейлерінде ресурстарды бөлу кезінде құқық қолдану практикасында есепке алу үшін ұсынылатын болады.

ТҚ ТҰБ мақсаты – Қазақстан Республикасындағы террористер немесе террористік топтар қылмыстық мақсаттарға қаражат тарту, жылжыту немесе пайдалану мақсатында қолданатын әдістер мен құралдарды айқындау. ТҚЗ ҒЖ міндеттеріне тең түрде ТҚҚ ҰЖ-дағы бар қатерлерді, осал жерлерді және бұл ретте туындайтын ТҚ тәуекелдерін зерттеу, осы жүйеде болып жатқан процестерді түсіну, сондай-ақ оны дамыту үшін әлеуетті бастамаларды айқындау кіреді.

ТҚ ТҰБ Қазақстан Республикасында ТҚ-ға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ТҚ қатерлеріне, осал жерлеріне және жалпы ТҚ тәуекелдеріне қатысты қажетті басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

ТҚ тәуекелдерін бағалау терроризмді қаржыландыру процесінің кезеңдеріне сәйкес жүргізіледі, олар арқылы қаражатты тарту, орнын ауыстыру немесе пайдалану тәсілдері айқындалады.

 

ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ПРОЦЕСІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

 

 

ҚАРАЖАТ ТАРТУ

Заңды (мысалдар: жеке қайырмалдықтар, КЕҰ, бизнес арқылы жинау және т.б.), сондай-ақ заңсыз (мысалдар: қылмыстық әрекеттен түскен кірістер және т.б.) көздерден қаражат тарту мақсатын көздейтін ТҚ процесінің бастапқы кезеңі

 

ҚАРАЖАТТЫҢ ОРЫН АУЫСТЫРУЫ

Террористік құралдардың орын ауыстыруы бойынша заңды және/немесе заңсыз тетіктерді іске қосу мақсатын көздейтін ТҚ процесінің техникалық кезеңі (мысалдар: банктер арқылы ақша қаражатын аудару, қолма-қол ақша қаражатын тасымалдау және т.б.).

 

 

ҚАРАЖАТТЫ ПАЙДАЛАНУ

Террористер немесе террористік топтар жүзеге асыратын қызметтің барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін құралдарды пайдалану мақсатын көздейтін ТҚ процесінің қорытынды кезеңі (мысалдар: террористік актілерді жүргізу, насихаттау және тарту, оқыту және даярлау және т.б.).

 

ТҚ ТҰБ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

 

 

 

 

ҚАТЕР

Қатерді анықтау үшін  «кім?» және «қалай?» деген екі сұраққа жауап беру керек. ТҚ жағдайында «кім?» деген сұрақтың жауабы мемлекетке, қоғамға, экономикаға және т. б. зиян келтіруге әлеуеті бар адам немесе адамдар тобы болады. Бұл ретте адамның немесе адамдар тобының белгілі болуы (мысалы, экстремистік әрекетке немесе терроризмге қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) немесе өзге де санкциялық тізімдерге енгізілген болуы), сондай-ақ анықталмаған адамдар немесе адамдар тобы болуы мүмкін екенін ескеру қажет.

«Қалай?» деген сұрақтың жауабы қаражатты тарту, орын ауыстыру немесе пайдалану тәсілдері болады.

Қатер мынадай факторлар негізінде бағаланады:

- террористердің немесе террористік топтардың болу ықтималдығы;

- террористердің немесе террористік топтардың әдісті қолдана білуі (мысалы: қажетті мамандардың болуы);

- террористердің немесе террористік топтардың әдісті қолдану статистикасы.

 

ОСАЛДЫҚ

 


Осалдықты айқындау үшін террористер немесе террористік топтар неге бұл әдісті қолданады деген сұраққа жауап беру керек.

Мұның жауабы қатерді іске асыру үшін пайдалануға болатын құралдарды тарту, орын ауыстыру немесе пайдалану әдістерінің қолжетімділігі мен көрінуінің жиынтығы болады.

Бұл ретте:

- әдістің қол жетімділігі – ТҚ мақсаттары үшін әдісті қолданудың ыңғайлылығы мен жеңілдігі;

- ТҚҚ ҰЖ қатысушылары үшін тәсілдің көрінуі – тәсіл ұлттық заңнамамен қаншалықты реттелгендігі немесе өзге ықпал ету шараларына, оның ішінде жедел іс-шараларды жүзеге асыру кезінде анықтау шараларына қаншалықты икемге келетіні.

 

 

САЛДАР

ТҚ салдары «қандай жағдайға әкеледі?» деген сұрақтың жауабы болып табылады, атап айтқанда – тікелей террористік көрініс.

Осы фактіні ескере отырып, мыналар үшін қаражат тарту мен орын ауыстыру әлеуетін бағалауға негізделген тұрақты мәнді салдар деп санаймыз:

- жедел мақсаттар үшін – нақты террористік көріністі (мысалдар: террористік шабуыл, содырлардың қозғалысы және шабуылды дайындау) тікелей жүзеге асыру үшін құралдарды пайдалану;

- ұйымдастырушылық мақсаттар үшін – террористік топтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және ұстау (мысалдар: адамдарды азғырып тарту, оқыту, жаттығу лагерлерін, радикалды орталықтарды ұстау) үшін құралдарды пайдалану.

 

 

ТӘУЕКЕЛ

 

 

 

Ол үш фактордың: қатер, осалдық және салдар функциялары ретінде мынадай тұжырымда қарастырылады:

- террористердің немесе террористік топтардың террористік көріністерге алып келетін бірқатар мән-жайларға (қол жетімділік пен көріну) байланысты ақша қаражатын тарту, орын ауыстыру немесе пайдалану тәсілін қолдану ықтималдығы.

 

БАСЫМДЫҚ

Басымдық – бұл уақытқа қатысты тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдау кезегін бағалау.

Барынша азайту жөнінде қысқа мерзімде шаралар қабылдау қажет болатын тәуекелдер жоғары деңгейдегі тәуекелдер тобына жатады.

Жай-күйін бақылау және қажет болса тежеу шараларын қабылдау қажет болатын тәуекелдер орташа деңгейдегі тәуекелдер тобына жатады.

Ықтимал дамуы мүмкін болғандықтан азайту бойынша жұмысты бастау қажет болатын тәуекелдер төмен деңгейдегі тәуекелдер тобына жатады.

 

Тәуекелдерді бағалау негізіндегі тәсіл мемлекеттік сектор үшін де, жеке сектор үшін де жаңа перспективалар ашады. Ол бүкіл ел деңгейінде де, жекелеген ұйымдар деңгейінде де тәуекелдер туралы ақпаратты жинау және тиісінше түсіндіру, рәсімдер мен жүйелерді әзірлеу, персоналды тиісінше даярлау үшін барлық ресурстар мен тәжірибені біріктіруді қажет етеді. Бұл процесс тәуекелдің болу фактісін растауды және басқару стратегиясын әзірлеуді және анықталған тәуекелдерді азайтуды көздейді.

Белгілі бір кезеңде жасалған бағалау өзгеріссіз сол күйінде қалады деп ойламау керек. Оқиғалардың қалай дамитынына және қандай жаңа қатерлердің пайда болатынына қарай, уақыт өте келе жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл тәсілді қолдану әртүрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін, нәтижесінде тәсіл жүйелі түрде жаңартылып, белгіленген талаптар дәлірек орындалатын болады.

ҚАТЕР ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ МАТРИЦАСЫ

 

Қатер деңгейі туралы есеп

 

Жоғары

терроризмді қаржыландыру құқыққа қарсы іс-әрекетін жасаудың бірнеше фактілері, қылмыстардың ашылу деңгейі төмен болғандықтан оның мүмкіндіктері мен қауіпсіздігі, құқыққа қарсы іс-әрекет жасау үшін техникалық және қаржылық және т.б. мүмкіндіктердің болуы.

 

 

Орташа

терроризмді қаржыландыруға әрекеттенуді немесе оның жасалғанын көрсететін фактілердің болуы, не қылмыстардың ашылу мен жазалану деңгейі жоғары болғандықтан осындай құқыққа қарсы іс-әрекетті жасау өте қиын немесе өте қауіпті, терроризмді қаржыландыру үшін техникалық, қаржылық және басқа да мүмкіндіктердің болуы.

 

Төмен

терроризмді қаржыландыруға бағытталған құқыққа қарсы іс-әрекет жасау фактілерінің, оларды жасауға ниеті бар адамдардың болмауы, не қылмыстардың ашылу мен жазалану деңгейі жоғары болғандықтан осындай құқыққа қарсы іс-әрекетті жасау өте қиын немесе өте қауіпті. Терроризмді қаржыландыру үшін техникалық, қаржылық және т.б. мүмкіндіктер жоқ.

 

 

 

 

 

ОСАЛДЫҚ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ МАТРИЦАСЫ

 

Осалдық деңгейі туралы есеп

 

Жоғары

бұл әдісті террористер немесе террористік топтар қол жетімділігінің жоғары деңгейіне және көрінудің орташа немесе төмен болуына қарай ТҚ мақсаттары үшін қолданады.

 

Орташа

бұл әдісті террористер немесе террористік топтар қол жетімділігі мен көрінуінің белгілі бір деңгейіне қарай ТҚ мақсаттары үшін қолдана алады.

 

Төмен

бұл әдісті террористер немесе террористік топтар көрінуі мен қол жетімділігі жиынтығының қажетті деңгейіне қарай ТҚ мақсаттары үшін мүлде дерлік қолдана алмайды.

 

ТӘУЕКЕЛДЕР ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ МАТРИЦАСЫ

 

ҚАТЕР

 

Осалдық

 

Төмен

Орташа

Жоғары

Жоғары

орташа

жоғары

жоғары

Орташа

төмен

орташа

жоғары

Төмен

төмен

төмен

орташа

Осалдық деңгейі туралы есеп

 

Жоғары

тәуекел маңызды болып табылады және жіті назар аударуды қажет етеді. Бұл әдіс ТҚ мақсаттары үшін өте тартымды. Елеулі зардаптарға әкеп соқтыратын құралдарды тарту немесе орнын ауыстыру белгілері бар.

 

Орташа

тәуекел бірқалыпты, бірақ көп көңіл бөлуді және одан әрі пысықтауды қажет етуі мүмкін. Бұл әдіс террористерді немесе террористік топтарды қызықтыруы мүмкін. ТҚ мақсаттары үшін қаражат тарту немесе орын ауыстыру белгілері бар.

 

Төмен

тәуекел қолайлы, бірақ мұқият бақылауды қажет етеді, оның ішінде әлеуетті болуы мүмкін. Бұл әдіс террористерге немесе террористік топтарға тартымды болуы мүмкін. ТҚ мақсаттары үшін аз көлемде қаражат тарту немесе орын ауыстыру белгілерінің жоқ не бірлі-жарым көріністері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау.

ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚАТЕРЛЕРІ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРІ

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында терроризмді қаржыландырудың негізгі қатеріТҚ мақсаттары үшін қаражат тарту мен пайдалану тәсілдерінің бірін қолданатын немесе қолдана алатын мынадай адамдардан не олардың топтарынан туындайды:

  1. Дәстүрлі емес (деструктивті) діни ағымдардың жақтаушылары, исламдағы жаңа ағымдардың жолын қуушылар – интернет желісінен, сондай-ақ түрлі мессенджерлерден бұрмаланған ақпарат алатын маргиналды тұлғалар;
  2. Теологиялық білім алу үшін шет елдерге, оның ішінде террористік белсенділігі бар елдерге өз бетінше кететін Қазақстан азаматтары;
  3. Халықаралық террористік ұйымдарға қосылу мақсатында террористік белсенділігі жоғары аймақтарға шығатын, сондай-ақ көрсетілген аймақтардан қайтып келетін Қазақстан азаматтары;
  4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан және қазақстандықтарды интернет желісі арқылы террористік әрекетке тартатын террористік ұйымдардың, заңсыз қарулы құралымдар мен радикалды топтардың қатысушылары.

 

Тәуекел факторлары. Терроризмді қаржыландыру кезінде заңды көздерден: банктік пластикалық карталарды, төлем ұйымдарының қызметтерін (шот ашпай ақша аудару) пайдаланып, қолма-қол ақшасыз банктік аударымдар бойынша транзакцияларды пайдаланып алынған қаражат, сондай-ақ қылмыстық, оның ішінде заңдастырылған кірістер пайдаланылады. Виртуалды активтерді осы мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі өзекті болып қала береді.

 

Ұсынымдар. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға арнайы операцияларды жүргізуді жалғастыру, сондай-ақ арнайы халықаралық іс-шараларға қатысу ұсынылады.

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты істер бойынша ведомстволық есептілікті келісуге ерекше назар аудару қажет.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде терроризмді қаржыландырудың, әсіресе виртуалды активтерді пайдаланудың жаңа нысандары, схемалары мен әдістері бойынша, осындай істерді тергеудің озық тәжірибесін ескере отырып, біліктілігін арттыруды тұрақты негізде жүзеге асыру қажет.

Сондай-ақ, ҚМА ресурстары (нұсқаулықтар, типологиялар және т.б. әзірлеу) арқылы қаржы операцияларын жүзеге асыратын адамдармен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайту да орынды болып табылады.

 

 

 

III тарау. КЕҰ ҮШІН ТҚ ОСАЛДЫҚТАРЫ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЙҚЫНДАУ

 

 

 

 

 

Елде жұмыс істейтін КЕҰ-ға қатысты олардың қызметін құру мен бақылаудың нақты реттелген тәртібі белгіленді, бұл оларға бір жағынан өз міндеттерін кедергісіз жүзеге асыруға және екінші жағынан олардың заңсыз қызметке тартылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

КЕҰ-ны ТҚ мақсатында пайдалану тәуекелдері, ең алдымен, қолма-қол ақша қаражатын жинақтау және (немесе) беру мүмкіндігімен байланысты. КЕҰ қызметінде қайырымдылық жинаудың жеткіліксіз бақыланатын әдістері жиі қолданылады: ақша қаражатын кассаға немесе КЕҰ-ның есеп айырысу шотына салу, банк карталарын, мобильді қосымшаларды қолдана отырып, жинақ қораптарға қайырымдылық жасау, делдалдар арқылы қайырымдылық жасау, мұнда делдал ретінде еріктілер мен шетелдік серіктестер сияқты уақытша тартылған қызметкерлер әрекет етуі мүмкін, ал олардың сенімділігі көбінесе тексерілмейді.

ТҚ мақсаттары үшін КЕҰ пайдалану тәуекелдерін төмендету мақсатында ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруді жалғастыру қажет. Бұл ретте КЕҰ-ны терроризм мен экстремизмді қаржыландыру мақсатында қасақана пайдалану тәуекелін барынша азайтудың негізгі тәсілі – КЕҰ шығыстарын мәлімделген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бақылау болып табылады.

КЕҰ-ны терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудың орташа қатері туралы қорытынды құқық қорғау органдары мен қаржылық барлау қызметінің практикасында осындай фактілерді анықтау жиілігінің төмен болуымен де расталды.

 КЕҰ-ны терроризмді қаржыландыру мақсатында теріс пайдалану тәуекелдеріне жүйелі бағалау жүргізуді, оның ішінде олардың террористермен және террористік топтармен байланыс орнатуының алдын алуға бағытталған жекелеген зерттеулер түрінде бағалау жүргізуді жалғастыру керек.

Халықтың радикалдануына сыртқы факторларды төмендету, діни экстремизм мен терроризм фактілерін анықтау және жолын кесу тиімділігін арттыру, оның ішінде КЕҰ секторында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.   

 

 

 

IV тарау. 

ҚАРЖЫ СЕКТОРЫ ҮШІН ТҚ ОСАЛДЫҚТАРЫ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРІ

 

 

 

 

 

Қаржы секторына банктер, биржалар, сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, инкассаторлық және төлем ұйымдар, ақша аудару бойынша қызметтер көрсететін, яғни КЖ/ТҚҚ саласында қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҰБ) мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚРНДА) бақылайтын пошта операторлары жатады.

Тұтастай алғанда, қаржы операцияларын жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері ТҚҚ қажетті шараларын қабылдайды: ішкі бақылау қағидалары бекітіліп, орындалуда, тәуекелдерді басқару рәсімдері айқындалды, күдікті қаржы операцияларын талдау жүзеге асырылады, қаржы мониторингі органына мәліметтерді беру жүзеге асырылады.

Бұл қорытынды КЖ/ТҚҚ саласында қаржы операцияларын жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы мәліметтермен расталады.

Банк секторында ТҚҚ бойынша жұмыс барынша тиімді ұйымдастырылған. Секторда КЖ/ТҚҚ бойынша қызметтің комплаенс арнайы бөлімшелері құрылған, ТҚ схемаларына тарту мүмкіндігі туралы түсінік бар және осы тәуекелдерді басқару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қаржы операцияларын жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері өз клиенттері арасында экстремистік және/немесе террористік қызметке қатысы бар ұйымдар мен адамдардың белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын тізбелеріне енгізілген ұйымдар мен адамдарды анықтау жөніндегі өз міндеттерін түсінеді.

Қаржы мониторингі субъектілерінің көпшілігінде КЖ/ТҚҚ саласындағы қызметті автоматтандыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған программалық кешендер бар. ЕДБ ұсынған қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат санының өсуі КЖ/ТҚ тәуекелдері туралы түсінік бар екенін және алдын алу шараларының қажеттігін куәландырады.

ҚМС белсенділігі күдікті операцияларға тиісті ден қоюдың және комплаенс қызметтері қызметкерлері дайындығының артуымен де дәлелденеді.

Бұл уәкілетті органның талдау бөлімшелерінің жедел және тактикалық талдаулар жүргізу жөніндегі қызметін мақсатты түрде бағыттауға және тексеру іс-шараларын жүзеге асыру үшін УО/МКҚ-ға одан әрі жіберуге мүмкіндік берді.

Ұсынылған ақпаратты ескере отырып, қаржы секторы қаржы мониторингі субъектілерінің осалдығы орташа ретінде бағаланады. Терроризмді қаржыландыру тәуекелдері орташа деп бағаланады.

Терроризмді қаржыландырумен байланысты болуы мүмкін банк өнімдері бойынша күдікті операцияларды анықтаудың тиімділігін арттыру үшін қаржы ұйымдарының комплаенс-рәсімдеріне уәкілетті органдар әзірлеген арнайы критерийлерді енгізу ұсынылды.

 

  1. Қолма-қол ақша қаражатын және төлем карточкаларын пайдаланудан ТҚ осалдығы

 

Көптеген жағдайларда террористік топтар өздерінің мақсаттары үшін қолма-қол ақша қаражатын пайдаланады, олар заңды және қылмыстық жолмен де түсуі мүмкін (мысалы: заңсыз трансшекаралық қозғалыс (контрабанда) қолма-қол ақша), бұл ретте қолма-қол ақша қаражаты көбінесе террористік сипаттағы қылмысқа дайындық алдында пайдаланылатынын ескеру қажет.

Сонымен қатар, тек ақша беру функциясы ғана бар банкоматтар санының үшінші жыл қатарынан азайып бара жатқаны да халықтың қолма-қол ақшаны пайдалануға қызығушылығы жоғалғанын көрсетеді.

Тәуекелді азайту айналыстағы қолма-қол ақша қаражатының үлесін кезең-кезеңімен қысқартуға бағытталған шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Қызметтерді цифрландыру деңгейінің өсуімен халықтың онлайн төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге мүдделілігінің өсуі байқалады. Сонымен қатар, ұстаушысы сәйкестендірілмеген алдын ала төленген төлем карточкалары санының айналымда жыл сайын азаю серпіні байқалады.

Бұл алдын ала төленген карталар сәйкестендірілмеген жеке тұлғалар арасындағы, оның ішінде терроризмді қаржыландыру ниетіндегі аударымдарды қамтамасыз етуі мүмкін болған кезде ТҚ тәуекелдерінің жоқ екенін көрсетеді. Осыған байланысты алдын ала төленген банктік карталарды пайдалану кезінде ТҚ үшін осалдық дәрежесі орташа ретінде бағаланады.

Терроризмді қаржыландырумен байланысты болуы мүмкін банк карталары бойынша операцияларды анықтаудың тиімділігін арттыру мақсатында тиісті арнайы индикаторларды енгізу мәселесін қараған жөн.

 

  1. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуда делдалдық қызметті жүзеге асыру кезіндегі ТҚ осалдығы

 

Жылжымайтын мүлік қолма-қол ақша алу және ТҚ мақсатында пайдалану, сондай-ақ террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың пайдасына жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша қызметтер көрсету үшін тартымды әдіс болып табылады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату кезінде делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (риэлторлар) қаржы мониторингі субъектілерінің бірі болып табылады. Олар ФАТФ терминологиясына сәйкес белгіленген қаржылық емес кәсіпорындар мен кәсіптер санатына жатады.

ТҚ тәуекелін нивелирлеу мақсатында ҚМА жүйелі, тұрақты негізде барлық секторлардағы ҚМС-мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс өңірлерге көшпелі кездесулер арқылы да, қашықтықтан да жүргізіледі. Бұдан басқа, әрбір ҚМС «Қашықтан бақылау» платформасының жеке кабинеттері арқылы ҚМА-дан барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алады.

Риэлторлардың қатысуымен жүргізілетін жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша мәмілелер түпкілікті нәтижесінде нотариустарда және көп жағдайда екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) құралдарын пайдалана отырып жасалатынын ескеру қажет, онда мақсатты қаржылық санкциялар бойынша талаптар қосыла отырып, барлық операциялар мен мәмілелердің қатыстылығына және ТҚ үшін пайдалану мүмкіндігіне ашықтығы алынады.

Баяндалғанның негізінде жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату кезінде делдалдық қызметтерді жүзеге асыратын ЖК мен ЗТ-ның ТҚ-ға қатысты осалдық дәрежесі төмен деп бағаланады деп қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге, терроризмді қаржыландыру үшін белгіленген тұлғалардың жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату операцияларын пайдалануының орташа тәуекелі сақталуда.

 

  1. Цифрлық активтерді пайдаланудан туындайтын осалдықтар

 

 

Бір жағынан, Bitcoin сияқты виртуалды валюталар қаржы секторындағы инновацияларға кең мүмкіндіктер ашады. Бірақ олар сонымен қатар әртүрлі қылмыстық топтардың назарын да аударады және ТҚ қаупін тудыруы мүмкін. Бұл технология халықаралық деңгейде анонимді ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік береді. Валютаның бастапқы сатып алу фактісін анықтау мүмкін болғанмен (мысалы, банк жүйесінде), виртуалды валютаның барлық кейінгі аударымдарын анықтау қиын.

Қазақстандағы цифрлық активтердің мәртебесі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 2020 жылғы маусымда бекітілген. Цифрлық актив – бұл криптография мен компьютерлік есептеулер қолданылып, электрондық-цифрлық нысанда жасалған мүлік. Цифрлық актив қаржылық құрал емес, бірақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны бола алады.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы – теңге. Осыған байланысты криптовалюталарды ел аумағында төлем құралы ретінде пайдалануға болмайды.

ҰБ қаржы ұйымдарына заңнамада тікелей көзделмеген операцияларды жүргізуге тыйым салады. Тікелей реттеудің болмауына қарамастан, бүгінгі күні қаржы секторында жеке немесе клиенттік операциялар бойынша криптовалюталарды пайдалану, сондай-ақ есеп айырысу бірлігі ретінде пайдалану заңға қайшы келеді.

Баяндалғанды ескерсек, реттелмейтін активтерді белгіленген тұлғалар террористік іс-әрекетті қаржыландыру үшін пайдалана алады.

Тәуекелдерді азайту үшін мыналар қажет:

- заңнама талаптары шеңберінен тыс көрсетілетін төлем қызметтерін шектеу мәселесін пысықтау;

- терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – ТҚҚ) саласындағы заңнама талаптарын жаңа қаржы технологияларына қолдану, сондай-ақ криптоактивтеі қолданылатын операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды қаржы мониторингі субъектілерінің қатарына қосу мәселесін қарау.

 

 

V тарау.

ЖҚҚТҚ ҚАТЕРЛЕРІ, ОСАЛДЫҚТАРЫ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРІ

 

 

 

 

 

 

Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен күрес (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ) Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының қатарына жатқызылған.

Қазақстанда мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Тұтастай алғанда, қаржы операцияларын жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері ЖҚҚТҚ-ға қарсы қажетті іс-қимыл шараларын қабылдайды: ішкі бақылау қағидалары бекітіліп, орындалуда, тәуекелдерді басқару рәсімдері айқындалды, күдікті қаржы операцияларын тіркеу жүзеге асырылады, қаржы мониторингі органына мәліметтерді беру жүзеге асырылады.

Бұл қорытынды ЖҚҚТҚ-ға қарсы іс-қимыл саласында қаржы операцияларын жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы мәліметтермен расталады.

ЖҚҚТҚ тәуекелдерін азайту үшін осы саланы заңнамалық реттеуді жетілдіру керек, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты күдікті операцияларды анықтаудың тиімділігін арттыру үшін қаржы ұйымдарының комплаенс-рәсімдеріне уәкілетті органдар әзірлеген арнайы критерийлерді енгізу туралы мәселені қарау керек.

ФАТФ жаңартылған стандарттарына сәйкес ЖҚҚТҚ-ға анықталған қатерлерді барынша азайту мақсатында ЖҚҚТҚ криминализациясы мәселесін қарау ұсынылады.

 

 

 

 

 

     VI тарау.

     ТҚ, ЖҚҚТҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

     БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

ТҚ ТҰБ бойынша жүргізілген жұмыс ТҚҚ ҰЖ-ға тән негізгі қатерлерді, осалдықтар мен тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақстанның мемлекеттік органдары қолданатын профилактикалық және алдын алу шараларының нәтижесінде тіркелген террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың саны азайғаны, құқық қорғау органдарының терроризмді қаржыландырумен байланысты істерді тергеу бойынша тәжірибесі бар екені анықталды.

ТҰБ нәтижелері бойынша ТҚ тәуекел дәрежесі орташа ретінде айқындалады.

 

ТҚ тәуекел факторлары. 

Терроризмді қаржыландыру кезінде заңды көздерден: банктік пластикалық карталарды, төлем ұйымдарының қызметтерін (шот ашпай ақша аудару) пайдаланып, қолма-қол ақшасыз банктік аударымдар бойынша транзакцияларды пайдаланып алынған қаражат пайдаланылады. Виртуалды активтерді, сондай-ақ КЕҰ-ны осы мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі өзекті болып қалуда.

Анықталған тәуекелдерді барынша азайту мақсатында бірқатар іс-шараларды іске асыру талап етіледі:

- құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға арнайы іс-шараларды өткізуді жалғастыру, сондай-ақ арнайы халықаралық іс-шараларға қатысу ұсынылады;

- терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты істер бойынша ведомстволық есептілікті келісуге ерекше назар аудару қажет;

- құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде терроризмді қаржыландырудың, әсіресе виртуалды активтерді пайдаланудың жаңа нысандары, схемалары мен әдістері бойынша, осындай істерді тергеудің озық тәжірибесін ескере отырып, біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.

- ҚМА ресурстары (нұсқаулықтар, типологиялар және т.б. әзірлеу) арқылы қаржы операцияларын жүзеге асыратын тұлғалармен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайту.

Коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – КЕҰ) банк секторында ТҚ мақсаттары үшін пайдалану тәуекелдерін төмендету мақсатында (шот ашпай аударымдар, банктік төлем карточкалары, ақша аударымдары жүйелері, электрондық әмияндар және т.б.) ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруді жалғастыру қажет. Бұл ретте КЕҰ-ны терроризм мен экстремизмді қаржыландыру мақсатында теріс пайдалану тәуекелін барынша азайтудың негізгі тәсілі – КЕҰ шығыстарын мәлімделген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бақылау болып табылады.

 КЕҰ-ны терроризмді қаржыландыру мақсатында теріс пайдалану тәуекелдеріне жүйелі бағалау жүргізуді, оның ішінде олардың террористермен және террористік топтармен байланыс орнатуының алдын алуға бағытталған жекелеген зерттеулер түрінде бағалау жүргізуді жалғастыру керек.

ТҚ ТҰБ нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген шараларды өзектендіру, халықты дерадикализациялау, терроризм мен террористік қызметті қаржыландыру қаупі туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселесін қарау ұсынылсын.    

Терроризмді қаржыландырудың тәсілдері мен нысандарын, оның ішінде заңды көздерден және КЕҰ-дан алынған қаражатты пайдалануды ескере отырып, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қатар қаржылық тергеу жүргізу әдістемелерін, оның ішінде ҚМА мүмкіндіктерін пайдалана отырып жетілдіруді жалғастыруы қажет.

Терроризмді қаржыландырумен байланысты болуы мүмкін банк карталары бойынша күдікті операцияларды анықтаудың тиімділігін арттыру үшін қаржы ұйымдарының комплаенс-рәсіміне уәкілетті органдар әзірлеген арнайы индикаторларды енгізу туралы мәселені қарау қажет.

ТҚ мақсатында өзге реттелмейтін қаржы құралдарын пайдалану тәуекелдерін барынша азайту мақсатында:

- заңнама талаптары шеңберінен тыс көрсетілетін төлем қызметтерін шектеу мәселесін пысықтау;

- ТҚҚ саласындағы заңнама талаптарын жаңа қаржы технологияларына қолдану, сондай-ақ криптоактивтер қолданылатын операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды қаржы мониторингі субъектілерінің қатарына қосу мәселесін қарау.

ЖҚҚТҚ ТҰБ ЖҚҚТҚ бойынша жүргізілген жұмыс ЖҚҚТҚ ҒЖ-ға тән негізгі қатерлерді, осалдықтар мен тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізетіні, ал қаржы операцияларын жүзеге асыратын ҚМС ЖҚҚТҚ-ға қарсы іс-қимылдың қажетті шараларын қабылдайтыны анықталды.

ТҰБ нәтижелері бойынша ЖҚҚТҚ тәуекел дәрежесі орташа ретінде айқындалады.

 

ЖҚҚТҚ тәуекел факторлары.

Қазақстанда ЖҚҚТҚА тәуекел факторларының болуы мынадай компоненттермен байланысты:

- Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Ирак, Иран, Үндістан, Қытай, КХДР, Пәкістан және Сирия сияқты соңғы қырық жылда жоғары әскери белсенділік байқалған елдердің географиялық және аймақтық жақындығы;

- Иранның ядролық бағдарламасы. «Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа» мүше ел ретінде Иран осы келісімнің ережелерін сақтамай, уранды байыту және ядролық технологияларды әзірлеу бойынша белсенді қызмет жүргізуде. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің хабарлауынша, Иран Иран мен 5+1 тобы елдері арасындағы келісіммен рұқсат етілгеннен 12 есе көп байытылған уранды сақтайды. Бәлкім, шетелдік юрисдикциялардың компаниялары Қазақстанды тыйым салынған тауарларды өткізудің транзиттік аймағы ретінде пайдалануы мүмкін;

- қылмыстық қызметтен, ұйымдасқан қылмыстық ұйымдардан (ҰҚТ және қылмыстық қоғамдастықтар) түскен кірістер жанжал жайлаған аймақтарда қаруды әзірлеу мен таратуды, оның ішінде ЖҚҚ-ны қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.

Қазақстанда мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Тәуекел факторларының болуын, сондай-ақ қылмыскерлердің өз жағдайын қауіпті заттарды ұрлау үшін, оның ішінде оларды өткізу мақсатында пайдалану әрекеттерін ескерсек, мұндай адамдар мен қылмыстық әрекеттер фактілері санының шектеулі болуы ЖҚҚТҚ қатерінің деңгейі орташа екенін көрсетеді.

ЖҚҚТҚ тәуекелдерін ұлттық бағалауда ұсынылған ақпарат тұтастай алғанда қаржы операцияларын жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері ЖҚҚТҚ-ға қарсы іс-қимылдың қажетті шараларын қабылдап жатқандығын куәландырады:

- ішкі бақылау ережелері бекітіліп, орындалуда, тәуекелдерді басқару рәсімдері айқындалды, күдікті қаржылық операцияларды тіркеу жүзеге асырылады, қаржы мониторингі органына мәліметтерді беру жүзеге асырылады.

Қаржы мониторингі субъектілері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ЖҚҚТҚ үшін нысаналы қаржы санкцияларын қолдануға қатысты қарарларының барлық талаптарын орындайды.

2018-2020 жылдары ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғалар мен ұйымдардың активтері мен өзге де мүлкі Қазақстан Республикасында анықталмаған.

Сонымен қатар, ЖҚҚТҚ мәселелері бойынша тәуекелдерге бағалау жүргізу, осы саладағы күдікті қаржылық операцияларды анықтау және олар туралы уәкілетті органға хабарлама жіберу қажеттілігі заңнамалық деңгейде жоқ.

Қазақстанда ЖҚҚТҚ мәселелерін құқықтық реттеу шектеулігі жағдайында оларды ЖҚҚТҚ-ға байланысты схемаларда пайдалану тәуекелі бар.

Анықталған тәуекелді барынша азайту мақсатында бірқатар іс-шараларды іске асыру талап етіледі:

- ФАТФ жаңартылған стандарттарына сәйкес ЖҚҚТҚ-ға анықталған қатерлерді барынша азайту мақсатында ЖҚҚТҚ криминализациясы мәселесін қарау ұсынылады;

- осы саланы заңнамалық реттеуді жетілдіру керек және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты күдікті операцияларды анықтаудың тиімділігін арттыру үшін қаржы ұйымдарының комплаенс-рәсімдеріне уәкілетті органдар әзірлеген арнайы критерийлерді енгізу туралы мәселені қарау керек.

 

Терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату тәуекелдерін ұлттық бағалау
Дата публикации
07 сентября 2021