Ағымдағы жылдың 13-ақпанында Батыс Қазақстан облысы бойынша тергеп-тексеріп департаменті «Заң және тәртіп» баяндамасы аясында Орал қаласының ақпараттық технологиялар колледжімен бірлесіп, аталмыш колледж студенттері арасында «Киберқауіпсіздік» интеллектуалды-іскерлік ойынын өткізді.

      Аталмыш ойын  жастардың  қаржылық сауаттылығын арттыру, түрлі алаяқтықтардан азаматтардың құқықтарын қорғауға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

   Шара барысында департамент қызметкерлері студенттерге бүгінгі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – интернет желісінде жеңіл табыс көзіне шақыратын алаяқтық түрлер, дропперлер туралы, қаржылық қылмыстар саласындағы өзекті мәселелерді қозғап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.