Кіріспе: БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Қазақстан Республикасы » күніне шара өтті

Кіріспе: БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Қазақстан Республикасы » күніне шара өтті

2024 жылы 24 қазанда Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Қазақстан Республикасы» күні мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Шара барысында ерекше жетістіктері үшін қызметкерлер мен ардагерлер медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, осы күні департамент қызметкерлері мен ардагерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Бірнеше кезеңнен тұратын сайысқа  4 команда қатысып, тартысты ойын көрсете білді.  Барлық командалар жоғары дайындықты, тамаша ойынды және жақсы үйлестірілген командалық жұмысты көрсете білді.

Нәтижесінде сайыста қаржы мониторингі органдарының ардагерлер командасы жарыстың көшбасшысы атанды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен және дипломдармен марапатталды.