
БҚО бойынша ЭТТД «БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Ағымдағы жылдың I жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы туралы» тақырыбына брифинг өткізді.
БҚО бойынша ЭТТД басшысының орынбасары Е.К. Жұмабаев Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жалпы жұмысы туралы әңгімелей отырып, экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген алдын алу шаралары мен жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат берді.