
Бүгін еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгілікке жазылды.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің өзіндік бірегейлі мен егемендігін айшықтайтын белгілер. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран болып танылады.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік Әнұран орындалған болатын. Еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!