Ойын бизнесі- қайда хабарласу керек?

Ойын бизнесі- қайда хабарласу керек?

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 «Ойын бизнесі туралы» Заңы бойынша казино мен ойын автоматтары залдары тек Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағасында және Ақмола облысының Шучинск ауданында ғана орналасуы керек. Осы аумақтардан басқа, Қазақстан Республикасының қалған аумағында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша 2000 МРП-дан бастап айыппұл салынады немесе бас бостандығын 2 жылға дейін шектеумен немесе мүлкін тәркілеумен жазаланады.

Мұндай жағдайларға бей-жай қарамаңыздар, сіздің уақтылы жасаған әрекетіңіз заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектеседі. Егер де заңсыз ойын бизнесін анықтаған жағдайда БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментіне мына телефондар бойынша хабарласыңыздар: +7 708 912 0251; +7 705 814 1222; +7 7112 538429