2021 жылдың 30 наурызында БҚО кәсіпкерлер палатасының алаңында БҚО экономикалық тергеу департаментінің бастамасымен ойын бизнесі туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне қатысты жиын өтті.
Аталған жиналыста экономикалық тергеу Департаментінің Жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Кеңес Аслан сөз сөйледі, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының, прокуратураның, білім беру және БҚО жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 «Ойын бизнесі туралы» Заңы бойынша казино мен ойын автоматтары залдары тек Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағасында және Ақмола облысының Шучинск ауданында ғана орналасуы керек. Осы аумақтардан басқа, Қазақстан Республикасының қалған аумағында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынады.
Экономикалық тергеу департаментінің орынбасары Кеңес Аслан қатысушылардың назарына департаменттің позициясын, атап айтқанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының, демалыс нысандары иелерінің келісім жасасу барысында қырағылық таныту қажеттігін ескертті. Өз кезегінде, облыстың прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің №307 бабы бойынша жалға алатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірлескен жауапкершілік мәселелрі туралы атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша 2000 МРП-дан бастап айыппұл салынады немесе бас бостандығын 2 жылға дейін шектеумен немесе мүлкін тәркілеумен жазаланады.
Мұндай жағдайларға бей-жай қарамаңыздар, сіздің уақтылы жасаған әрекетіңіз заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектеседі.
БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері азаматтарға +7 (7112) 53-84-27 сенім телефоны туралы еске салады, ол арқылы біздің қаладағы немесе облыстағы заңсыз ойын клубтары туралы хабарлауларыңызға болады.