Еңбек ұжымдарымен кездесу

Еңбек ұжымдарымен кездесу

«Заң және тәртіп» нарративі аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Батыс Қазақстан машинақұрау зауыты» АҚ ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қаржылық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға заң талаптарын сақтау мен күмәнді қаржылық операцияларға жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Заңды сақтау – қоғамның тұрақты дамуы мен экономикалық қауіпсіздіктің басты негізі.