
Батыс Қазақстан облысында лудоманияның алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шараға БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ жедел уәкілі Қадырұлы Айдарбек қатысып, ойынға тәуелділікке байланысты құқықтық аспектілер мен тәуекелдер жөнінде түсіндірме берді.
Семинар жер қатынастары басқармасының қызметкерлеріне арналып, олардың лудомания мәселесі және оның әлеуметтік-экономикалық салдары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар тәуелділіктің негізгі белгілерін, оның алдын алу әдістерін, сондай-ақ заңсыз ойын қызметіне тартқаны үшін жауапкершілік шараларын талқылады.
Сонымен қатар, семинар жұмысына полиция және облыстық наркологиялық диспансер өкілдері қатысты. Олар ойынға тәуелді азаматтарды анықтау және олармен жұмыс жүргізу бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, қолжетімді көмек пен оңалту шаралары туралы баяндады.