Тікелей эфирге қатысу

Тікелей эфирге қатысу

        

       БҚО бойынша ЭТТД тергеу басқармасы басшысының орынбасары М.М. Палманов Aqjaiyq телеарнасындағы «Свое время» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Эфир тақырыбы «Дропперлер: схемаға қатысушылар ма, әлде алаяқтық құрбандары ма?» болды. Бағдарламаға сондай-ақ облыстық прокуратура, Полиция департаменті және облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Эфир барысында М. Палманов дропперлік ұғымының мәнін түсіндіріп, дропперлер заңсыз қаржылық схемалардың негізгі буынына айналатынын атап өтті. Оның айтуынша, «жеңіл табыс» туралы ұсыныстардың артында көбіне алаяқтар тұрады және олар азаматтарды, әсіресе жастарды, ауыр құқықтық салдары бар заңсыз әрекеттерге тартады.

Сонымен қатар, қатысушылар мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар туралы баяндады.