Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары А.Б. Ахметов БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Отырыста негізгі назар бизнес мүдделеріне қатысты мәселелерге аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар тарапынан жер учаскесін басқа жер пайдаланушының пайдасына алып қою кезінде туындайтын әкімшілік кедергілер мәселесі қаралды. Қатысушылар проблемалық тұстарды талқылап, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Кеңес төрағасы 2025 жылға атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Ол кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, жүйелі мәселелерді анықтау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бағытында жүргізілген жұмыстарды атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша әкімшілік кедергілерді азайтуға және өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.