Мамандыққа апарар жол

Мамандыққа апарар жол

Департамент басшысының орынбасары Кенжебаев Ж.С. КАЗИИТУ-дың 3 курс студенттерімен микробіліктілік және кәсіби қызметтің практикалық аспектілеріне арналған кездесу өткізді. Кездесу барысында ол істерді тергеу үдерісі, осы саладағы жұмыстың ерекшеліктері және қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы да айтып өтті.

Студенттер нақты кейстермен, тергеу жүргізу кезеңдерімен, сондай-ақ табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар мен білімдер туралы ақпарат алды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, мамандықтың қыр-сырын және әрі қарай білім алу мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шара студенттерге болашақ кәсіби қызметтің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және үздіксіз кәсіби дамудың маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.