
БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Департаменттің ҰББ-ның аға тергеушісі Уразғалиева Л.Н. цифрлық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері мен онлайн кеңістіктегі өзекті қауіптер туралы айтып берді.
Студенттерге жеке деректерді қорғау, алаяқтық схемаларды тану және интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану жолдары түсіндірілді. Киберқылмыстың алдын алу және жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар студенттер арасында ақпараттық қауіпсіздікке жауапты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.