Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру аясында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған жұмыс кеңесі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы заңсыз қолма-қол ақша айналымы және салық төлеуден жалтару мәселелері болды.
Кеңес барысында баяндамалармен Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Ахметов Азамат Булатович және ҰББ-ның басшысы Болграбская А.М. сөз сөйледі. Өз баяндамаларында олар өңірдегі ағымдағы жағдайды, құқыққа қайшы қызметтің негізгі схемаларын атап өтіп, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігіне назар аударды.
Заңсыз қолма-қол ақша айналымы көлеңкелі экономиканың негізгі құралдарының бірі болып табылатыны, ол табысты жасыруға, салық төлеуден жалтаруға және әділетсіз бәсекелестік ортаның қалыптасуына ықпал ететіні атап өтілді. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстарға, тәуекелді операцияларды анықтауға және бизнестің қаржылық ашықтығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Кеңеске екінші деңгейлі банктердің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Кәсіпкерлер палатасының, әділет органдарының және кәсіпкерлікті басқару органдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар ақпарат алмасу тетіктерін, бақылау құралдарын жетілдіруді, сондай-ақ адал бизнес субъектілері үшін әкімшілік кедергілерді азайту шараларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының бірлескен жұмысын күшейтуге, сондай-ақ экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.
Осындай іс-шараларды өткізу ашық әрі тұрақты іскерлік ортаны қалыптастыруға, кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауға және өңірдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.