Отбасының қаржылық қауіпсіздігі

Отбасының қаржылық қауіпсіздігі

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Кадирұлы Айдарбек өңірдегі мектептердің бірінде өткен ата-аналар жиналысына қатысып, қаржылық қауіпсіздік және қаржыға жауапкершілікпен қарау мәселелері туралы айтты.

Кездесу барысында жеке деректерді қорғау, банктік қызметтерді қауіпсіз пайдалану және интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері сияқты өзекті тақырыптар қозғалды. Әсіресе фишинг, дипфейк және заңсыз қаржылық операцияларды жүзеге асыру үшін «дроптар» деп аталатын адамдарды пайдалану сияқты қауіптерге ерекше назар аударылды.

Ата-аналарға алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатыны, онлайн қызметтерді пайдалану кезінде қандай сақтық шараларын сақтау керектігі және жеке әрі банктік мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушыларға қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы, сондай-ақ балаларға ақшамен қауіпсіз жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру қажеттігі еске салынды.