
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында «Атамекен өнер ордасы» алаңында жастармен «Заң ұрпағы: дропперлік – болашаққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тарапынан Жастармен жұмыс жөніндегі облыстық ресурстық орталықпен бірлесіп, «Заң және тәртіп» нарративі аясында ұйымдастырылды.
Кездесу форматы – облыстағы жоғары оқу орындарының жастары мен студенттерімен ашық диалог. Іс-шараға сондай-ақ жастар арасындағы қоғамдық белсенділер, жас кәсіпкерлер, блогерлер, кәсіби бокстан Қазақстан чемпионы Сұлтан Шарипов және муай-тайдан әлем чемпионы Ербол Ернар қатысты.
Іс-шара барысында дропперлікке қарсы іс-қимыл мәселелері, қаржылық схемаларға қатысудың құқықтық салдары және жастардың заңсыз әрекеттерге тартылу тәуекелдері талқыланды. Студенттер арасында қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу мен құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше назар аударылды.
Ұйымдастырушылар аталған тақырыптың әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жастардың қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы және заңнаманы сақтауы қажеттігін жеткізді.