2025 жылғы 15 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінің тарих және құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Курманалин Самат Бақытжанұлының «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы» тақырыбында дәрісі өтті.
Дәріс барысында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі кезеңдер, егемендіктің тарихи алғышарттары, сондай-ақ тәуелсіздіктің мемлекеттің қазіргі дамуы үшін маңызы қарастырылды. Баяндамашының сөзі негізгі тарихи оқиғаларға жасалған мазмұнды талдаумен сүйемелденіп, тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Өткізілген дәріс қатысушылардың тарихи білімін кеңейтуге және патриоттық санасын нығайтуға ықпал етті.