Киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелері

Киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелері

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметкерлерімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесуді өткізді.

Талқылау барысында өзекті киберқатерлер, оларды анықтау және алдын алу әдістері, сондай-ақ мемлекеттік жүйелермен жұмыс істеу кезінде ақпаратты қорғаудың негізгі қағидаттары қарастырылды.

Мамандар фишингтік шабуылдардың алдын алу, жеке деректерді қорғау және цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша практикалық шараларға ерекше назар аударды.

Кездесу соңында ақпараттық гигиена қағидаларын сақтау және киберқауіпсіздік саласындағы білімді үнемі жаңартып отырудың маңызы атап өтілді.