Жастар қауіпсіздікті таңдайды

Жастар қауіпсіздікті таңдайды

Батыс Қазақстан облысында Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжінің студенттері цифрлық ортада қауіпсіз болуды және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» оқу ойынын белсенді түрде өтіп жатыр.

Бұл ойын арқылы студенттер мен оқушылар жалған кеңестерді, алаяқтық хабарламаларды, «жеңіл ақша» уәделерін және «дроп» схемаларына қатысудың қауіптілігін тануды үйренеді. Мини-ойындар, логикалық тапсырмалар және өмірден алынған жағдаяттар студенттерге қаржылық тәуекелдерді жылдам анықтап, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Жоба оқу процесін қызықты әрі тиімді етіп қана қоймай, ең бастысы — жастардың болашақта өздерін алаяқтардан қорғайтын және қаржылық қауіпсіздіктерін нығайтатын маңызды дағдыларын қалыптастырады.