Студенттердің сандық қауіпсіздігі

Студенттердің сандық қауіпсіздігі

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп, аумақтағы колледждеріде тақырыптық дәрістер өткізу туралы келісімге келді. Бұл бастама студенттердің сандық сауаттылығын арттыруға және интернет ортасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

                             

Сабақтар «ҚМА-мен цифрлық қауіпсіздік сабақтары» сериясы аясында өтіп, «Интернеттегі қармақтар: өзіңді қалай қорғау керектігі туралы қарапайым нұсқаулықтар» мен «Цифрлық алдаудың жаңа шындығы» сияқты өзекті тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар, студенттерге кең таралған алаяқтық схемалары, жеке деректерді қорғау ережелері, жалған мазмұнды тану әдістері және қазіргі цифрлық технологияларды қолдануға байланысты қауіптер туралы айтылады.

 

Аталған дәрістерді Департаментінің қызметкерлері де, арнайы дайындықтан өткен колледж оқытушылары да жүргізеді. Мұндай тәсіл студенттердің көп санын қамтуға және сабақтарды оқу үдерісінің тұрақты бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді.