
2025 жылғы 11–12 қарашада Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI Аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті. Форумға екі елдің мемлекеттік органдары, бизнес, ғылым және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараға БҚО бойынша ЭТТД-нің бас криминалисті қатысып, «Цифрлық экономика және жасанды интеллект: технологиялық серпіліс үшін кадр даярлау» тақырыбындағы панелді сессия отырысын тыңдап, коллежд бен кәсіпорындардың серіктестік көрмесінде кәсіпорын өкілдерімен кәсіби байланыс орнатылды.
Форум Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өңірлердің экономикалық интеграциясын талқылау, бірлескен инветициалық жобаларды қолдау және түрлі сала мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңы болды.