Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы А.Әбенов халыққа тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Халық заңгері» Республикалық акциясына қатысты.
Іс-шара аясында заңгерлер, адвокаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді. Әрбір азамат өзіне қажетті заң көмегін білікті мамандардан алу мүмкіндігіне ие болды.
ЭТҚ қызметкерлерінің мұндай іс-шараға қатысуы халық пен құқық қорғау органдар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын айқындай отырып, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.