БҚО бойынша ЭТТД-нің қызметкері Turkistan Marathon-ға қатысты

БҚО бойынша ЭТТД-нің қызметкері Turkistan Marathon-ға қатысты

Түркістан қаласында Turkistan Marathon атты ірі жүгіру сайысы өтті. Бұл шара Ұлы Жібек жолының рухымен шабыттанған және жүздеген спорт сүйер азаматтарды салауатты өмір салты мен бірлік идеясы төңірегінде біріктірді.

Жүгіру жарысына БҚО бойынша ЭТТД КҚ-нің аға жедел уәкілі Кадирұлы Айдарбек қатысып, салауатты өмір салты мен белсенді демалыс идеясын қолдады. Оның үлгісі салауатты өмір салтына, тәртіп пен мақсаттылыққа адалдығын көрсетіп, бұл қасиеттер корпоративтік мәдениет пен азаматтық жауапкершілігінің маңызды бөлігі болып табылады.

Turkistan Marathon тек спорт пен рухтың күші ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денсаулықты нығайту мен спорттық дәстүрлерді дамытуға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайтынын дәлелдеді.