«ГОНГ» ілімі

«ГОНГ» ілімі

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы облыс әкімінің төрағалығымен өткен терроризмге қарсы оқу-жаттығуға қатысты. Аталған арнаулы және құқық қорғау органдардың лаңкестік қауіп-қатерлердің жолын кесуге дайындық деңгейін тексеру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға өңірдегі арнаулы және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты. Өткен оқу-жаттығулар террористік қауіп төнген жағдайдағы іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеуге және ықтимал лаңкестік актілердің салдарын барынша азайтуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды.

Департамент басшысы мұндай оқу-жаттығулардың төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша мемлекеттік органдардың дайындық деңгейін арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі түрлі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың маңызын ерекше атап өтті.