Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері облыс кәсіпкерлерімен «Атамекен» ҰКП алаңында жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және бизнестің сот жүйесі мен бақылау-қадағалау органдарымен өзара іс-қимылын дамыту болды.
Кездесу барысында тараптар мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы ашық әрі сындарлы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Әсіресе әкімшілік кедергілерді азайту және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасының басшылығы өңірде адал және тұрақты бизнесті дамытуға бағытталған бастамаларды бірлесіп іске асыруға және әріптестікті нығайтуға мүдделілік танытты.