«Amanat» партиясымен бірлескен Қаржылық диктант

«Amanat» партиясымен бірлескен Қаржылық диктант

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және алаяқтық схемаларға тартылуға жол бермеу мақсатында өңірімізде «Amanat» партиясымен бірлесе отырып қаржылық диктант өткізілді.     Іс-шара азаматтардың қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастыруға, жеке қаржыны сауатты басқаруға, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздік саласында құқықтық хабардарлығын арттыруға бағытталды.

      «Amanat» партиясымен серіктестік - кең көлемде ақпараттандыруды және мақсатты аудиторияны тартуды қамтамасыз етіп, шараның табысты өтуіне ықпал етті. Мұндай ағартушылық бастамалар азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, жауапты қаржылық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл көлеңкелі экономиканың алдын алуда маңызды үлес болып табылады.

      Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс тұрақты түрде жалғастырылатын болады. Келешекте осындай шараларды кеңейтілген форматта, көбірек қатысушылар мен тақырыптық алаңдарды қамти отырып өткізу жоспарлануда.