Рекрутинг

Рекрутинг

2025 жылдың 18-шілдесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, іс-шараға әртүрлі факультеттер мен мамандықтардың студенттері, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аталмыш шара түлектерге жұмысқа орналасуға қолдау көрсету және білім беру мекемелері мен мемлекеттік және жеке ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Болашақ түлектер Экономикалық тергеп-тексеру қызметіне жұмысқа орналасуға зор қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Департамент өкілдері қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар берді.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері студенттерге экономикалық тергеп-тексеру қызметінің ерекшеліктері мен қызметке қабылдану шарттары, қажетті біліктілік пен мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Іріктеу кезеңінен өту тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжат тапсыру рәсімдеріне ерекше көңіл аударылды.